• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

5 қаңтарда Алматыда АӘК алуға азаматтардан өтініш қабылдау басталды

5 қаңтарда Алматыда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға азаматтардан өтініш қабылдау басталды. Қабылдау Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының 8 аудандық бөлімінде және Халықты жұмыспен қамту орталығында жүзеге асырылады.

АӘК өтініш берілген күнге қарамастан өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Мысалы, өтініш 15 қаңтарда немесе айдың соңғы күні берілсе, онда төлем толық ай бойынша төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша 6 айдан кем емес тұрақты немесе уақытша тіркеу, ал құжаттарды тапсырған кезде өтініш және сәйкестендіру үшін жеке куәлік беру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жаңа форматтағы АӘК алуға өтініш алфавиттік тәртіппен қабылданады. Мұндай шара ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және өтініш берушілер ағынын реттеуге мүмкіндік береді.

Алфавиттік тәртіп бойынша қабылдау кестесін Халықты жұмыспен қамту орталығының http://www.cz-almaty.kz сайтынан көруге болады.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы аудандық бөлімдерінің байланыс мәліметтері:

  • Алмалы ауданы

Назарбаев даңғ., 50 (Гоголь к-сі. қиылысы), операциялық зал, 16-шы терезе, тел. 8 747 849 00 23 (Жанар Кәрімжанова)

  • Алатау ауданы

Нұркент ы.а., 5/25, тел. 8 778 920 79 93 (Ақерке Құрманғали)

  • Әуезов ауданы

3 ы.а., 41 үй, №208 каб., тел. 8 707 189 89 94 (Олжас Мұса)

  • Бостандық ауданы

Жандосов к-сі, 2 (Байзақов к-сі. қиылысы), №118 каб., тел. 8771 416 42 31 (Алмас Қанабек)

  • Жетісу ауданы

Мақатаев к-сі, 142 (Сейфуллин даңғ. қиылысы), №18 каб. тел. 8707 788 58 45 (Арман Амантай)

  • Медеу ауданы

Төле би к-сі, 12 (Қалдаяқов к-сі. қиылысы) тел. 8 708 283 16 93 (Ұлан Темірбек)

  • Наурызбай ауданы

Шұғыла ы.а., 347, №205 каб., тел. 8 708 979 21 66 (Әсем Байқұрманова)

  • Түрксіб ауданы

Рихард Зорге к-сі, 18, №212 каб., тел. 8 707 566 14 74 (Толқын Әбдірахманова)

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.