• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

9 маусымда Алматыда автобус және метрода жол жүру тегін болады

Алматыда ҚР Президентінің сайлауы күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Қалада «Ашық есіктер күні» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылып, оған қаладағы барлық автобустар мен метрополитен қатысады.

Қоғамдық көлік кестеге сәйкес жүреді.

«Біз бұл күні 700 мыңға жуық жолаушы тегін жол жүреді деп болжап отырмыз. «Ашық есіктер күні» акциясы тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік қолдау болып табылады. Бұл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығынан.

Айта кету керек, биыл тасымалдаушылар тағы 430 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте жыл басынан бері қала жолдарына 156 жаңа автобус шықты, олар №65, №31, №60, №81 және №14 сияқты жүктеме аса жоғары бағыттарда жүреді.

Жалпы Алматыда жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында қаланың автобус паркі екі жыл ішінде 80%-тен астам жаңарды. Жыл соңына қарай жаңару 90%-і құрайды деп болжануда. Қалада елдегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг қызметі енгізілді, метроның жаңа екі бекетінің құрылысы және LRT жобасын іске асыру жалғасуда.

Акцияға қатысатын қалалық автобус бағыттарының тізімі:

№1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-тп, 5-тп, 7-тп, 9-тп, 11-тп, 12-тп, 19-тп, 25-тп.

Ақпарат көзі: Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.