• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

АБАЙЛАҢЫЗ СҮҢГІ МҰЗДАР!

Құрметті қала тұрғындары! 

Ауа-райының құбылуына байланысты шатырларда мұз сеңдері, қызылсу мұзы мен сүңгі мұздар қалыптасып жатыр. Осының бәрі шатырдан құлап, адамға елеулі зақымдар тигізуі мүмкін.

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы шатырлардан сүңгі мұздарды құлату бойынша қызметін бастады.

Егер сүңгі мұздар Сіздің баспанаңыздың шатырынан төмен қарай салбырап тұрса, қызмет көрсетуші ұйымға (ПИК) жолығу қажет. Кейін коммуналдық қызметтердің қызметкерлерімен сүңгі мұздарды құлату бойынша шаралар жүргізілетін болады. ПИК нөмірін «Open Almaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің сайтынан, https://open-almaty.kz/ru/spravochnaia-informacia/ksk сілтемесіне өту арқылы көруге болады.

 

Есіңізде болсын:

  • Сүңгі мұздар салбырап тұратын ернеу мен қылтиманың (балкон) астында тұрмаңыз.

  • Арнайы ескерту лентасымен қоршалған орындарды айналып өтіңіз.

  • Егер үстіден қандай да бір шу естісеңіз, жеделдеп қадам басыңыз. Бұл қардың немесе қызылсу мұзының сырғуы болуы мүмкін.

  • Көшеде құлаққапты киіп жүрмеңіз, Сіз төбеден құлайтын қардың дыбысын естімей қаласыз.

  • Шатыры жоғарғы мөлшерде төмен қисайған үйлерге жақындамаңыз.

  • Қар сырғанау қаупі бар жақын жердегі электр беріліс жолдарынан, ғимараттардың ернеулері мен өзге де нысандардан аулақ болыңыз.

Назар аударыңыз, егер Сіз қауіпті көріп тұрсаңыз, оны басқа жолмен – жолдың келесі бетіне өту арқылы немесе ғимаратты қар мен сүңгі мұздар қауіп төндірмейтін аула жақпен айналып өту қажет.

(Сіздерге деген қамқорлықпен, Open Almaty)

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.