• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

АӘК басты мақсаты — өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектесу

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы хабарлады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында АӘК төлеу тетігін түзетуді тапсырды. Әлеуметтік көмектің жаңа форматы әділ, ашық болумен қатар, еңбекке ынталандыруы тиіс. Негізгі қағидат — мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесетін болады.

Биылғы 2 айдың қорытындысы бойынша АӘК жаңа тетігі бойынша 10,5 мың адам кеңес алды, 4 256 өтініш қабылданды. 2 533 отбасына төлем жасалды. АӘК негізгі алушылар - көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар болып табылады.

«АӘК басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектесу», — деді Д. Әлкебайұлы.

Сонымен қатар Д. Әлкебайұлының айтуынша, көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік жәрдемақы төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент бар барлық көпбалалы отбасыларына, олардың табысына қарамастан төленеді. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 10 625 теңгені құрайды.

2019 жылғы тамыздан бастап «Іскер ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы іске асырылатын «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді. Аталған бағдарлама бойынша 13 474 адам базалық тренингілерден өтті, 6 900 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламада демеушілер мен меценаттар арқылы бизнес ашу мүмкіндігі қарастырылған. 2019 жылы демеушілер көмегімен 129 адам жеке кәсібін ашты.

Білім беру желісі бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 564 бала үшін (2 баладан бастап) балабақшаларда тамақтануға ақы төленеді. Мектептерде 22 126 бала «Жаппай оқыту» қорынан тегін тамақтанады. Қазіргі уақытта осы санаттағы балалар үшін мектеп формасын және кеңсе тауарларын сатып алуға қосымша қаржыландыру қарастырылуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.