• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданының аумағындағы жасыл желек жыл соңына дейін 2 есеге дейін көбейеді

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз турының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған #JasylAlmaty акциясының іске асырылу барысы туралы хабарлады. Алматыда үш жыл ішінде жалпы 1 млн ағаш отырғызу жоспарланған.

Бұл бағыттағы жұмыстар Алатау ауданында белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Азамат Қалдыбеков жыл басынан бері 28 мыңнан астам ағаш отырғызылғанын айтты. Сонымен қатар, Көк-Қайнар шағын ауданындағы Сосновый бор саябағында бүгінде 2500-ден астам қарағай ағаштары отырғызылды. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Күзгі кезеңде аудандық әкімдік Момышұлы және жаңа Саин көшелерінің бойына 1510 ағаш егуді жоспарлап отыр.

Атап өтетін жайт, Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының тізіліміне сәйкес, Алатау ауданының аумағында бүгінде 179 мың ағаш бар. Басқарманың жоспарына сәйкес, ағымдағы жыл соңына дейін 176 мың көшет егіледі.

Осылайша, Алатау ауданының әкімдігі мен Жасыл экономика басқармасының ортақ күш біріктіруімен аудан аумағындағы жасыл желек саны жыл соңына қарай екі есе көбейеді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.