• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданында 200-ге жуық аула абаттандырылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың есептік кездесуіне қатысты. Жиында аудан әкімі өткен жылы атқарылған іс-шараларға тоқталды.

Басым міндеттердің бірі — аула ішіндегі кеңістіктерді кешенді жаңғырту болып табылады. Ауданда 861 аула аумағы бар. Өткен жылы 215 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 192 ауланы жөндеу жоспарлануда. Осылайша 40 мыңнан астам тұрғын үшін жайлы орта жасалады.

Аудан әкімі Б. Торғаев мәлімдегендей, өткен жылы 59 көппәтерлі үйдің тұрғындары «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша шатыр, инженерлік желі және 88 лифіні жаңғыртты. Биыл тұрғын үйді жаңғырту 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалғасады.

Ауданда 7 ескі үй бұзылып, орнына жаңа үйлер салынды. Осылайша 52 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды.

Қала тұрғындары қараусыз желілер мәселесін жиі айтады. Өткен жылы коммуналдық қызметтердің балансына 8,5 шақырым электр, жылу және кәріз желілері берілді. Аудандағы 15,2 шақырым қараусыз желілер мен 18 трансформаторлық қосалқы стансаны беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.