• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алмалы ауданында бірқатар аулалар жаңарды

Жаңа оқу жылынан бастап, Алмалы ауданының тұрғындары жаңарған аулаларда тынығатын болады. Қазір аталған аумақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен, кей аулалардың келбеті ескі күйінде қалатын түрі бар.

Алмалы ауданында 861 аула болса, 2016-2018 жылдар аралығында оның 300-ге жуығы жөнделіп, халық игілігіне берілген. Биыл жоспар бойынша 140 аула жаңа кейіпке енеді. Бұған әсіресе балалар дән риза.

Бұдан бөлек, келер жылы тағы 150 аула жаңартылмақ. Қазір жауаптылар жобаның сметалық құжаттамасын дайындап жатыр. Алайда әлі 135 аула жуық арада жөндеу көрмейтін секілді.

«2020-2021 жылдарға 430 аула қалып отыр. Оның 70-тен астамы жастарға арналған тұрғын үйлердің меншігінде, сол себепті мемлекет қаржысын оларға жұмсай алмаймыз. Ал 56 аула ескі үйлердің аумағында. Сол себепті құрылыс жұмыстарын жүргізу әзірге мүмкін болмай тұр», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сапар Нұрашов.

Жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін аулалардың тізімі жасалып, арнайы комиссияның елегінен өткізіледі. Асфальттың тозуы, жарық шамдарының ескіруі және ойын алаңдарының жетіспеушілігі секілді кінәраттар басты назарға алынбақ. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарының барлығы тамыз айының 20-ына дейін аяқталуы тиіс

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.