• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Алматы-1» теміржол вокзалы қалай өзгереді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде «Алматы-1» теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың коммуналды меншігіне берілген соң мұнда биылғы жылы реконструкциялау басталады.

Мегаполис басшысы вокзалды модернизациялау барысында арзан, бірақ сапалы материалдар пайдаланылуы және заманауи архитектуралық шешімдер қабылдануы тиіс екенін атап көрсетті.

Мысалы, қайта жоспарлау есебінен күн сайын 11-ден 16 мыңға дейін жолаушы өткізілетін болады. Ал күту орындарының саны төрт есе артады.

Бұлардан өзге, адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін келетін және кететіндердің легі екшеленеді. Заманауи конкорлы өткелдер салынып, бұрынғы жер асты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылады.

Бұрындары «ҚТЖ» АҚ «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қала балансына беру туралы шешім қабылдаған еді. Нәтижесінде Алматы әкімідігі обьектілерге қажетті реконструкция жүргізіп, бұларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытатын болады.

Жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы екі теміржол вокзалының айналасы жаңарды және вокзалдардың алды қоғамдық көлікке негізделіп қайта жасақталды, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер абаттандырылды, қауіпсіздік күшейтіліп, бейнекамералар орнатылды.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Алматыда жайлы қала кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күнге дейін қаланың тарихи орталығының үштен екісі модернизацияланды, 524 көше, 1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 шақырым арық және 1000 шақырым инженерлік желі қайта жасалды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңғырды.

Көлік реформасын жүзеге асыру барысында өткен жылы қала бағыттарына 500 жаңа автобус шықты. Биыл автобус парктерін жаңарту жалғасатын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.