• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Алматы-2050» даму стратегиясы туралы

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» даму стратегиясы (әрі қарай – Стратегия) туралы брифинг өтті. Стратегия жобасы көпшіліктің талқылауына осы жылдың 21 қарашасында ұсынылды.

Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров қаланың стратегиялық дамуының жеті басымдығы көрсетілген құжат жобасының қалай жасалғанын түсіндірді.

Қоғамдық сарапшылардың қатысуымен 23-31 қазан аралығында Алматы қаласын дамыту орталығы алаңында өткен жұмыс сессиялары барысында қала алдында тұрған 11 сын-тегеуріні анықталды.

«Стратегияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына әкімдіктің барлық басқармаларының, «Қала құрылысы жобасы орталығы» ЖШС, «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС, сонымен қатар «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері кірді. Стратегия жобасын әзірлеуге Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы, Алматы қаласын дамыту орталығы, Hatch халықаралық компаниясының мамандары, қоғамдық сарапшылар, Қоғамдық және Іскерлік кеңестердің мүшелері қатысты», - деп атап өтті Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров.

Шетсіз қала – барлық аудандарда өмір сүрудің жоғары стандарттары, көпорталықты жоспарлау және қолайлы көлігі бар мегаполис. Алматы агломерациясының ядросы ретінде қала Алматы облысының қала маңындағы аудандарымен тығыз байланыста дамитын болады. Дамудың көпорталықты моделі қаланың жоғарғы және төменгі, орталығы пен шетіндегі алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

«Ақылды» қала – үздік смарт-тәжірибелерді қолданатын мегаполис. Қаланы жоспарлаудың сапасын арттыру «ақылды» қала технологияларын қолдану арқылы оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ашықтық және мәліметтерге қолжетімділік есебінен қамтамасыз етіледі.

Тең мүмкіндіктер қаласы – тең мүмкіндіктері бар инклюзивті-адами орта қаласы. Толық ашықтық және атаулы әлеуметтік көмек қамтамасыз етіледі. Оны алу уақыты қысқарады. «Кедергісіз» орта құрылады – «барлығы үшін мобилділік» қағидасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қала инфрақұрылымы толық қолжетімді болады.

Қауіпсіз қала – қылмыс және төтенше жағдай қаупінің деңгейі төмен қала. Қашықтан мониторинг жүргізу және хабарлау жүйесінің озық цифрлы инфрақұрылымы жасалады. Ол қылмыс деңгейін төмендетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды және төтенше жағдайдың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Жоғары стандартты экология, қоршаған табиғи орта мен қала интеграциясы бар жасыл қала. Қаланың «жасыл жүйесі» құрылады. Ол қаланың экожүйесін біріктіреді мен биоалуантүрлілікті қолдайтын болады. Таулар шексіз рекреационалдық жүктемеден және құрылыстан қорғалады.

Жаһандық іскерлік орталық – экономикалық белсенді инновациялық қала, Жаңа Жібек жолы орталығындағы көлік-логистикалық хаб. Инвестицияны, технологияны және таланттарды тартатын орталық. Сапалы адами капиталдың интеллектуалды-креативті мүмкіндіктері қаланы дамытудың сарқылмайтын ресурстары болады.

Мәдени креативті қала – мода мен стандарттарды қалыптастыратын білімнің, тұрмыстың және бұқаралық мәдениеттің жоғары деңгейі бар заманауи қала. Мәдени инфрақұрылым қолжетімділігіндегі тексіздікті жою мақсатында салауатты қоғам негізінде мәдениет саласы модернизацияланады.

Бұл бағыттар қаланың даму көрінісін қалыптастырды. Бұл жұмыс істеуге және өмір сүруге тартымды жаһандық қала, Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасы.

Сапалы қала ортасын құру, адами капиталды дамыту, жоғарытиімді экономика, сонымен қатар қаланы тиімді басқару қаланы тұрақты дамытудың стратегиялық басты бағыттары болып табылады.

Стратегия жобасы қоғамдық талқылау және ұсыныс пен пікір білдіру үшін Almaty-2050.kz сайтында жарияланды. Сайт жұмыс істеген алғашқы тәулікте оған 6,8 мың адам кіріп, 200-ден астам ұсыныс пен пікір қалдырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.