• eng
  • қаз
  • рус

Алматы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастаған. Барлық баспалдақтардан өткен, соңғы бірнеше жыл ішінде аталған басқарма басшысының орынбасары болған.

Қала әкімі жаңа басқарма алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Олар – жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автомобиль жолдарында қауіпсіздік деңгейін арттыру, үздік әлемдік тәжірибеге сүйеніп ақылды көлік жүйесін құру. Бұлардан өзге, қала маңына қатынауды, балама көлік түрлерін (каршеринг, такси және басқалары), тұрақ кеңістігі жүйесін дамытуға және велосипед пен жаяу жүргінші мобилділігін құруға ерекше назар аудару қажеттігі атап көрсетілді.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді. Биылғы жылы 120-дан астам көше орташа жөндеуден өтеді. Бұлардан өзге алты ықшамауданда жаңа жолдар салынады. Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, бірнеше жолайрығы салынады.

Көлік реформасы аясында тек өткен жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобус жүре бастады. Биылғы жылы автобус парктерін жаңарту жалғасады. Мысалы, өз қаржысы есебінен «Алматыэлектротранс» ЖШС газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.