• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Алматы қалалық ветеринарлық қызметі жыл сайынғы эпизоотияға қарсы іс-шаралардың басталғаны туралы хабарлайды»

Алматы қаласында 1 ақпаннан бастап жыл сайынғы ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына жүргізілетін жыл сайынғы ветеринарлық тексеру басталды. 
Ауыл шаруашылығы жануарларын (2,7 мың бас ірі қара, 1,5 мың бас ұсақ мал, 250 бас шошқа) аусылға қарсы, егу сондай-ақ туберкулезге аллергиялық реакция бойынша диагностикалық зерттеу (2,7 мың бас ірі қара, 17 бас түйе) басталады.
Иттерді және мысықтарды (45 мың бас) ет қоректілер эхинококкозына  қарсы өңдеу аясында дегельминтизация күтіп тұр. Сонымен қатар, биылғы жылы дегельминтизация тоқсан сайын жүргізіледі, бұл қаладағы иттер мен мысықтардың үлкен бөлігі қамтуға мүмкіндік береді. 
Наурыз айында пастереллезге (2,7 мың бас) және  қарасанға қарсы (1 мың бас) ірі қара малға егу жұмыстары басталады, сол уақытта бруцеллезге (710 бас ірі қара, 379 бас ұсақ мал, 100 бас ет қоректілер), жұқпалы эпидидимитке (15 бас қошқар), ІҚМ лептоспирозға, листериозға (39 бас), ет қоректілер листериозға (20 бас), жануарлардың барлық түрлерін (20 бас)  токсоплазмозға қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады. 
ШЖҚ "Қалалық ветеринария қызметі" КМК қала тұрғындарынан және мал иелерінен ауыл шаруашылық жануарларын бірегейлендіруді дер кезінде жүргізуін және алдын алу шараларын (вакцинациялауды және диагностикалық зерттеулерді) жүргізу кезінде ветеринариялық дәрігерлеріне жәрдемдесуін сұрайды. Барлық алдын алу іс-шаралары ТЕГІН жүргізіледі! 
Естеріңізге саламыз, Кәсіпорын ауыл шаруашылық жануарларын бірегейлендіру, ветеринарлық анықтама беру, қолдан ұрықтандыру, биологиялық сынамаларды алу және зертханаға жеткізу, аса қауіпті және энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау,  мал қорымдарын ұстау бойынша қызмет көрсетеді. 
Call-орталығы: 321-00-02 (ТӘУЛІК БОЙЫ) 
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бойынша: 378-46-62 
Ветеринарлық анықтама беру бойынша:  378-48-56, 391-46-74 
Қабылдау бөлімі:  269-90-06 
Барлық жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, Қалалық ветеринарлық қызметі аккаунтына жазылыңыз! 
Instagram: vca_gov 
Web-page: vca.gov.kz 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.