• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2 жыл!

Осы уақыт ішінде бізге тұрғындардан 188,5 мың өтініш келіп түсті, оның 70%-і бірден қаралды. Өтініштердің басым бөлігі, атап айтқанда 60%-і 1308 тегін байланыс орталығы арқылы түскен, ал Instagram, Facebook және Twitter арқылы 17%, фронт-офис – 12% және open-almaty.kz порталы арқылы 7% жолданды.

Қала тұрғындары көбіне мектепке дейінгі білім беру, абаттандыру және қалалық нысандарды күтіп ұстау, көлік пен жол, энергетика мен ТКШ, тұрғын үй мен ПИК және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Осы уақыт ішінде Open Almaty «Любляна форум-2017», «Өмір сүргің келетін қала-2017» ТМД және ЕАЭО қалаларының X халықаралық байқауы, IDC CIO Excellence Awards 2019 және т.б. форумдар мен байқауларда жүлдегер болды. Өткен жылы біз ISO 9001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттаудан сәтті өттік.

Бұған біз Сіздердің, яғни Алматы тұрғындарының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз, ескертулеріңіз бізге дамуға және алдымызға жаңа мақсаттар қоюға көмектеседі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.