• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласы әкімінің атына Түрксіб ауданы тұрғындарынан түскен 70 өтініштің 26-ы шешімін тапты

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин аудан тұрғындарының өзекті мәселелері қалай шешілетінін айтып берді.

Қала әкімі Б. Сағынтаев ауданды аралып, тұрғындармен кездескен кезде 70-ке жуық өтініш түскен еді. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты болды.

Мегаполис әкімінің атына түскен 70 өтініштің 26-ы оң шешімін тапты.18 сауалға қатысты түсінік берілді, 26 сұрақ қаралу үстінде.

Мысалы, 31 сұрақ тікелей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, оның ішінде инженерных коммуникация салуға орай қойылған:

  • 13 – сумен жабдықтау және кәрізге;
  • 6 – газбен қамтуға;
  • 4 - электрмен қамтуға арналған.

Сұрақтардың 3-і балалар алаңын салу, 2-і жер қатынастарын жақсарту бойынша болды. ПИК-тердің жұмысына, ескі үйлерге, ашық люктарға қатысты бір сұрақтан қойылған.

Бұлардың 5-і шешімін тапты. Әлмерек ықшамауданы мен Сүйінбай даңғылы бойындағы үйлерге газ желісі тартылады, 2 балалар алаңы салынуда, қоршаулар сүрілуде, үйлер заңдастырылуда, Әлмерек ықшамауданында газ магистралі қолға алынады.

Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек ықшамаудандарына су, кәріз, электр желілері тартылады, ҚТҚ тасымалдауда жеңілдіктер көрсетілуде, жер учаскелері бөлініп, ескі үйлер сүрілуде, яғни 10 сұрақ бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

16 сұрақ бойынша жұмыстар жүруде, олар: үйлерді заңдастыру, жеке секторға балалар алңдарын жасау, ықшамауданға электр желісін жүргізу. Маяк қала балансында, Қайрат ықшамауданы сумен қамтылады. Боралдай және Жансүгіров көшелеріне кәріз желісі жүргізіледі, «Вокзал-1» аймағындағы тұрғын үйлерге ыстық су беріледі.

«Маңызды сұрақтардың бірі - тұрғын үйлерге газ беру. Әлмерек ықшамауданына газ желісі тартылды. Соның арқасында 1100 үй газға қосылды, бұл 5 мың адам деген сөз, яғни тұрғындардың тұрмысы жақсаруда», - деп атап өтті П. Кулагин.

Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездескен кезде абаттандыруға қатысты 16 сұрақ қойылды, оның ішінде 6 сұрақ жолдар мен тротуарларды жөндеуге, 3 көше жарығына, қалғандары ағаштарды кесуге, жол белгілерін қоюға, жаяу жүргінші жолдарын реттеуге, арық желілерін салуға қатысты болды.

Қоғамдық көлікке қатысты (11 сұрақ) №41 автобустың қозғалыс интервалы қысқарды, №51 автобустың бағыты өзгерді. Спасская көшесінде бекет кешені салынуда, Нұршашқан, Маяк ықшамаудандарынан қала орталығына қатынайтын көлік бағытын ашу мәселесі қарастырылуда, №74 бағыттың интервалы қысқаруда.

Бұлардан өзге, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық қауіпсіздік оң шешімін табуда.

Түркісб ауданының әкімі биылғы жеті ай ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да айтты. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық индекс көлемі 104,5%-ті құрады. Өндіріс өнімін шығару өсіп, 101,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылмен салыстырғанда өсім – 118,7% (2018 жылдың 7 айы ішінде – 86,2 млрд теңге болған). Қаладағы үлес – 18,4%.

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі артуда – 35,3 млрд теңге, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 175,3%-ті (2018 жылдың 7 айы ішінде 19,4 млрд теңге болған) құрады. Қаладағы үлес – 8,8%.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 78,2 млрд теңгенің салығы жиналды. Бөлшек сауда көлемі 155 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,1% (130 млрд теңге) болды. Көтерме сауда – 481,5 млрд теңге немесе 119%-ке (455,5 млрд теңге) жетті.

Анықтама үшін:

Түрксіб ауданының аумағы 75 мың шаршы метрден астам, мұнда 236 мыңнан астам адам тұрады, 1168 көппәтерлі және 24 678 жеке сектордағы үйлер бар.

7 395 заңды тұлға тіркелген, 477 өндіріс орындары бар (9 ірі, 16 орташа және 452 шағын), бұларда 46 637 адам жұмыс жасайды.

Ауданда білім берудің 135 объектісі (1 ЖОО, 6 арнайы орташа білім ошақтары, 28 мектеп, 100 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі (22 мемлекеттік, 78 жеке), 12 денсаулық нысаны (7 емхана мен 5 стационар), 23 діни бірлестік, 7 ұлттық–мәдени орталық бар.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.