• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы болып Нұрлан Сыдықов тағайындалды.

Бұған дейін ол Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Қала әкімі қойған нақтылы міндеттердің ішінен мыналарды ерекше атауға болады, олар мәдениет мекемелерін заманауи көпфункционалды және келушілерге бағытталған орталықтарға айналдыру, сонымен қатар жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау, мәдениет пен демалудың инфрақұрылымын дамыту үшін қаржыландырудың баламалы жолдарын қарастыру. Бұлардан өзге ақпарат, білім, ғылыми-зерттеу технологияларын, озық тәжірибе мен практиканы енгізе отырып мәдени мекемелердің сервистік қызметінің сапасын арттыру. Сонымен қатар туристік индустрияға қатысты қаланың тарихи-мәдени мұрасын дамыту және жүргізу бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.