• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы қандаланың қаптау себебін түсіндірді

Алматыда ағаш қандаласы (Arocatusmelanocephalus) көбейіп кетті. Бұған көбеюге қолайлы жағдайдың қалыптасуы - жоғары ылғалдылық және күннің күрт жылынуы себеп. Жәндіктер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді.

Зиянкестер мен жасыл желек ауруларына қарсы күрес жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшілері – аудан әкімдерінің аппараттары. Зиянкестермен күрес үшін жергілікті бюджеттен 1002,5 га өңдеуге 87,4 млн теңге бөлінді.

Аудандық әкімдіктердің мердігерлік ұйымдары кестеге сәйкес кезең-кезеңмен химиялық және биологиялық қорғау шараларын жүргізеді. Сәуір- мамыр айларында жасыл желектерді өңдеудің бірінші кезеңі өткізілді. Екінші кезең шілде айына жоспарланған. Бұл жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі. Жалпы, ағаш зиянкестерінің сырттан келген түрлерінің көбеюіне шет елдермен тауар айналымы кезінде адамдар, жүктер мен көлік құралдары ағынының ұлғаюы әсер етеді.

«Жасыл» қорды зиянкестердің сырттан келген әртүрлі түрлерінің зақымдауы жиілеп кеткендіктен Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы ауру ошақтарын, жасыл желектердің зақымдануын анықтау, биологиялық және химиялық өңдеудің сапасы мен қауіпсіздігін талдау жөніндегі жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобына ағаш өсіруші-мамандар, химия және биология ғалымдары, фитосанитарлық өңдеу бойынша мамандар кірді. Химиялық және биологиялық қорғау әдістерінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау қорытындысына сәйкес зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттар бойынша сараптамалық қорытынды беріліп, зиянкестермен күрес жөніндегі 2020 жылға арналған негізгі шаралар айқындалады.

Жасыл желектерге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасына 272-54-89, 262-16-13 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады. Аула аумағындағы ағаштарды өңдеу мәселелері бойынша өз ПИК-не жүгіну қажет.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.