• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласын дамыту орталығы Almaty SmartCity Challenge алғашқы қалалық хакатонына өтінім қабылдау басталғанын жариялайды

Алматы қаласын дамыту орталығы мегаполис әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатоны қалалық жарысын бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері мәлім етті.

5-6 қазанда Q-Lab қалалық жобалар зертханасында (Абай даңғ.,90) бағдарламалық өнімдерді отандық әзірлеушілер жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді әзірлеу және таныстыру үшін командаларға бірігеді. Идеядан прототипке дейін жүзеге асыру үшін 24 сағат беріледі.

Жеңімпаздар 3 млн теңге көлеміндегі жалпы жүлде қорын бөліседі. Сондай-ақ барлық қатысушылар Алматы қаласының басшылығына және жетекші сарапшыларға жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді таныстыру, Алматы қаласын дамыту орталығының қолдауымен пилоттық жобаларды іске асыру мен енгізуді талқылау мүмкіндігіне ие болады.

18 қыркүйектен 03 қазанға дейін командалардан, сондай-ақ командаларға бірігетін жеке қатысушылардан өтінімдер қабылдау жүргізіледі (команданың әрбір мүшесі тіркеуден өтуі тиіс). Тіркеу нысанын толтырғаннан кейін қатысушылардың электрондық мекенжайына растау хат жіберіледі. Q-Lab алаңына кіру бейдждер бойынша жүзеге асырылады.

Хакатонның бірінші күні командалардың құрылуынан, идеялар питчингінен, менторлар және қазылар алқасымен танысудан басталады, олардың құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялардың басшылары және басқалары бар. Сондай-ақ қатысушылар экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және ТКШ тақырыптары бойынша тапсырмалар алады.

Соңғы күні командалар қазылар алқасына өз прототиптерін ұсынады. Хакатонның барлық қатысушылары сертификаттар алады, хакатонның жеңімпаздары әкімнің ақшалай сыйлығына ие болады: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын алғандар 500 мың теңге алады. Қазылар алқасы мүшелерінің жобаларды бағалау критерийлері - жобаның идеясы, оны іске асыру (макет, интерфейс, функционалдылық), сондай-ақ ілеспе материалдар (презентация, сипаттама, сөз сөйлеу) болып табылады. Негізгі шарт - жоба тікелей хакатонда әзірленіп, қатысушылардың бұған дейінгі жобаларын қайталамайтын және/немесе жалғастырмайтын жаңа идея болуы тиіс.

Almaty SmartCity Challenge-ге қалай қатысуға болады:

  •  @almatyhackathon Instagram, Telegram-арнасында жаңалықтарды бақылау.
  • 03 қазан сағат 23.00 дейін https://hackathon.smartalmaty.kz сайтында жеке тіркеуден өту.
  • Жеке тіркеуден сәтті өткен жағдайда 2-ден 5 адамға дейін команда құру.

Жалпы сұрақтар бойынша: hackathon@almatydc.kz, +7(727) 224 39 29 (ішкі 116, 126, 125)

Демеушілік мәселелері бойынша: b.shadayev@almatydc.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.