• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында 2018 жылғы 6-7 ақпанда жауған қарды жинау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 2018 жылғы 6 ақпан  күні сағат 16-00 ден бастап 23-00-ге дейін қар жауды. Қалада  жауған  қардың биіктігі  6 см құрады, тауда және таулы аймақтарда 12 см дейін болды. 

6 ақпан күнгі кешкі қарбалас уақыттан кейін, полицияның патрульдік машиналарының алып жүруімен қарды тазалауға 180 бірлік қар тазалағыш техникадан құралған 20 колонна ұйымдастырылды, жиналған қар үйіліп, түнімен шығарылды. 

Ақпанның 6-нан 7-не қараған түні 4280 текше метр қар шығарылды. Қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдар себілді. 7 ақпан күнгі  сағат 09-00-дегі жағдай бойынша барлығы 4635 тонна  мұзға қарсы қоспа пайдаланылған.

Қар тазалау жұмыстарына 575 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жолдарды тазалаған жұмысшылар саны  2110 адамды құрады. 

Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

Қарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.