• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында 2021 жылғы 5 наурызда қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласында 5 наурыз күні сағат 03.50-ден бастап жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Сағат 9.00-дегі жағдай бойынша таулы жерлерде 15-35 см, ал қалада 3-10 см қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа басталысымен қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала орталығында көктайғаққа қарсы материалдарды себу таңғы сағат 7.00-де басталды, 1120 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ қалталарын қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Қар тазалау жұмысына 545 техника, оның ішінде 190 құмлақтырғыш пен 1492 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.