• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында ТЖ және карантин режимі енгізілген сәттен бастап ПТР әдісімен 13 811 адам тексерілді

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 121 адам анықталды. Қазір стационарларда 877 адам, үй карантинінде 5 217 адам отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында ‒ 211, провизорлық стационарларда ‒ 301 және карантиндік госпитальдарда ‒ 388 адам бақылауға алынған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова онлайн брифинг барысында егер COVID-19 вирусын жұқтыру қарқыны бәсеңдесе, карантин режимі жеңілдетіле ме деген сұраққа жауап берді.

«Жаңадан анықталып жатқан жағдайлар санының төмендеуінің негізгі себебі ‒ өзін-өзі оқшаулау. Азаматтардың карантин режимін сақтауының арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз. Карантин режимін алып тастау немесе ұзарту туралы шешімді республикалық Шұғыл әрекет ету штабы, ел басшылығы қабылдайды», — деп түсіндірді Айзат Молдағасимова.

Жақында Алматыға ПТР диагностикасын жасауға арналған 55 мыңнан астам жаңа тест жеткізілді. Респираторлық аурулары бар медицина қызметкерлерін, COVID-19 вирусының алдын алуға тартылған азаматтарды — Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, полиция қызметкерлерін тексеру жұмыстары басталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.