• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында үй жануарларын тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды

Алматы қаласында иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және зарарсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасы жаңартылды. Тамыз айына дейін жалғасатын мемлекеттік бағдарлама аясында 8000-ға жуық жануарларды қамту жоспарланып отыр.

Биылғы жылы қаладағы 6 ветеринарлық клиника бұл қызметтерді ұсынады, олар: «Зоовита», «Балто», «Альфа и Омега», «Докторвет», «Алматывет» және «Ветстанция».

Бағдарламаға қатысу үшін үй жануарларының иелері жеке куәлігін, мекен-жай куәлігін және ветеринарлық паспортты ұсынуы керек. Соңғысы болмаған жағдайда, құжат орнында берілетін болады. Үй жануарлары иелерінің мекен-жайын растау үшін олардың тұрғылықты жері туралы куәлігі керек, себебі бағдарлама Алматы қаласында ғана жүзеге асырылады.

Зарарсыздандыру мен кастрацияға байланысты жас шектеуі-9 айдан бастап 9 жасқа дейін. Барлық іс-шаралар ерікті түрде үй жануарлары иелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шаралар «2017-2020 жылдар аралығындағы Алматыдағы жануарлардың әл-ауқаты» жол картасының шеңберінде өткізіледі және қадағалаусыз иттер мен мысықтарды адами реттеуге бағытталған.

Тегін зарарсыздандыру және кастрацияны жүзеге асыратын ветеринарлық клиникалардың мекенжайлары мен телефондары:

1. «ЗООВИТА» - 8 ықшам ауданы, 10А үй; 249-85-19

2. «БАЛТО» - Мамыр 4 ықшам ауданы, 112 үй; 317-05-65

3. «АЛЬФА И ОМЕГА» - Базарбаев көшесі, 20; 317-43-29

4. «ДОКТОРВЕТ» - Рысқұлов көшесі, 52; 296-97-84

5. «АЛМАТЫВЕТ» - Жансүгіров көшесі, 311; 397-22-76, 385-67-81

6. «ВЕТСТАНЦИЯ» - Сейфуллин көшесі, 49; 242-74-17

Сонымен қатар, біздің іс-шаралардың сапасына қатысты шағымдар бар болса, қала тұрғындары Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына 272-38-44 немесе қалалық ветеринарлық қызметтің байланыс-орталығына 321-00-02 нөмірлері арқылы хабарласа алады.

Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.