• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласындағы су тасқыны бойынша

Ағымдағы  жылғы мамыр айының басынан бастап 70 мм жауын-шашын жауған (орташа айлық нормасы 106 мм). Барлық су басу жағдайлары жедел түрде жойылды, зардап шеккендер жоқ.  Аталған мәселені шешуге 615 адам, 176 бірлік техника, 34 мотопомпа жұмылдырылды.

Су басу қаупінің тәуекелдеріне жүйелі талдау жүргізілді, оның нәтижесінде су басу қауіпі бар 37 учаске (70 % қосылған аумақтар) анықталды, ол жерлерде су басуды жою жұмыстары жүргізілетін болады.

2017 жылы әкімдік су басуға қарсы төмендегідей жұмыстарды жүргізді: 
- 30 км арық желілері салынды және қайта жаңғыртылды (Алатау, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында), сондай-ақ Есентай (10 км), Кімасар (1,1 км) және Жарбұлақ (0,4 км) өзендері арналарының жекелеген учаскелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
- Алатау және Наурызбай аудандарындағы проблемалы учаскелерде 12.3 км суды ағызатын арық және дренажды жүйелер жасалды, Қарғалы өзенінің 4,8 км арнасы бетондалды.
- Наурызбай ауданында Қарғалы өзенінің 7,7 км жерінде 2,2 млрд. теңгеге апаттық – қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Қаланың 42 көшесінде 30,9 км арық желісіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды маусым айында аяқтау жоспарланған. Ұзындығы 44,3 км арық желісін жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, ол  2018-2019 жылдары іске асырылатын болады.
Жалпы, су басу жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.