• eng
  • қаз
  • рус

Алматы - Қапшағай пойызы қайта жүреді

«Алматы-Қапшағай» бағытындағы қала маңы пойызы қайта жүре бастады. «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап «Алматы-Қапшағай» бағытындағы қала маңы пойызы күн сайын жүретінін хабарлайды:

  • Қапшағай бекетінен – сағат 05:52;
  • Алматы-1 бекетінен – сағат 18:58.

Тасымалдау жалпы типтегі (отыратын) вагондармен жүзеге асырылады. Әр вагонда кәсіби жолсеріктер бар. Жолақы ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы поезд ішінде жолсеріктерге төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.

Барлық сұрақтар бойынша «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС компаниясының кеңсесіне 8727 234 34 70 телефоны бойынша немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: turanexpress@mail.ru.

Ақпарат көзі: Vecher.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.