• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігі қаладағы арықтардың неге қаңсып бос тұрғанын түсіндірді

Алматы Қоғамдық кеңесі қаладағы арықтардың неге қаңсып тұрғанына қатысты Жасыл экономика басқармасынан жауап алды.

«Арық желілерін пайдалану мен жасыл желекті суару бойынша бюджеттік бағдарламаны аудандық әкімдіктер жүргізеді. Арықтарға су таудағы өзендерден келеді. Қазіргі таңда Есентай мен Қарасу өзендерінің бойында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты су тоқтатылған. Сонымен қатар Әуежайдың жанындағы көлде баспалдақ (пирс) салынып жатыр. Сондықтан, Кіші Алматы өзенінің аңғары жабық тұр», - деді «Ақпараттық ресурс орталығы» қоғамдық қорының басшысы Алтынай Көбеева.

Одан бөлек қалалық Мобильділік басқармасының бастамасымен қаладағы барлық аудандарда 111 көше қайта жасалып жатыр. Ал Жасыл экономика басқармасының бастамасымен 57 көшедегі ұзындығы 57 шақырым болатын арық желісі жөнделіп жатыр. Сондықтан бұл көшелерде де уақытша су ағып тұрған жоқ

Ақпарат көзі: «Қазақпарат» ХАА

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.