• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы қосымша орындар, секциялар мен үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс жасайды

Қала әкімі Б.Сағынтаев түрғындармен есептік кездесуде мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру туралы сұрақтарға жауап берді.

Бүгінде Алматы балабақшаларында орын тапшылығы 18 мыңды құрайды.

Тұрғындардың көпшілігі өз балаларын мемлекеттік балабақшаға беруді қалайды. Балабақшадағы орын үшін негізгі төлем мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жабылады. Сонымен қатар бүгінде ата-аналар ақы төлеп отырған қосымша білімге, секциялар мен үйірмелерге қолжетімділікті арттыру қажет.

Осыған байланысты әкімдік қосымша білім беру бойынша шығынды өз мойнына алуға ұсыныс білдірді. Мақұлданған жағдайда бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

«Біз жекеменшік балабақшалардағы қосымша қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жасай аламыз. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік балабақша деп таңдамай-ақ қоюға мүмкіндік береді – төлем барлық жерде бірдей болады», - деді әкім.

Бұл қазір толық жүктелмеген жекеменшік балабақшаларды 100% толтыруға мүмкіндік жасап, жаңаларын ашуға елеулі серпін береді.

Жаңа шешімдер мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан өзге балабақшаларға кезекті төмендету мақсатында 790 орынға арналған 5 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымның құрылысы аяқталуда. Атап айтқанда, Алатау ауданында 120 орынға, Бостандық ауданында 120 орын, Алмалы ауданында 120 орын, Түрксіб ауданында 280, Бостандық ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 150 орынға арналған бір балабақша. Нәтижесінде 3,1 мың орынға арналған 11 мемлекеттік балабақшаның салынуы, кезекті 23 мың орынға азайтайды.

Көпбалалы отбасыларды қолдауға жеке назар аударылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылардың балаларын мектеп жанындағы үйірмелермен тегін қамтамасыз ету үшін заңнамалық өзгерістер әзірленді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.