• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Білім басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Мәдениет және мұрағаттар басқармасының жаңа басшылары тағайындалды. 

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Гүлнар Ходжабергенова бекітілді. Ол өзінің педагогтық қызметін 1985 жылы Алматы қаласындағы С. Шәкіров атындағы мектеп- интернатта бастаған. Түрлі жылдары қаланың бірқатар мектептерінде мұғалім,  директордың орынбасары, директор, сонымен қатар Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандарында білім бөлімінің басшысы болған. 

Бұрын Білім басқармасының басшысы болған Рахат Шимашева енді  Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік етеді. Өз кезегінде Мамай Ахетов  қала  әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Бұлардан өзге,Мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы да ауысты. Бүгінгі күнге дейін Ханзада Есенова қалалық мәслихаттың депутаты болды, ұзақ жылдар бойы А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры  қызметін атқарған. 

Бұрындары Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, басшысы болып Мейіржан Отыншиев тағайындалған еді. Ол түрлі жылдары Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып істеген, соңғы 3 жылда осы басқарма басшысының орынбасары болған. 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.