• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігінің құрылымы өзгереді

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және оның орынбасарлары, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма өкілдері қатысты. Күн тәртібінде әкімдіктің жаңа құрылымын бекіту.

«Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдың желтоқсан айынан бастап факторлық-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгіздік. Ол әкімшілік мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының өсуін және оны жұмыс нәтижелеріне байланыстыруды көздейді. Бұл 2016-2017 жылдар кезеңінде бейінді емес активтерді жекешелендіру есебінен 3 млрд. теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды. Әкімдік қызметінің тиімділігін арттырудың келесі кезеңі оның құрылымын өзгерту және басты принципі «Әрбір адамға қамқорлық жасау» саналатын Алматы-2020 бағдарламасына бағытталған әрбір мемлекеттік қызметші үшін тиімділіктің негізгі индикаторларын әзірлеу болып табылады», - деді әкімнің орынбасары Әсел Жүнісова.

Оның айтуынша, жаңа құрылым біздің алдымызда тұрған міндеттерді атқаруға, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, қоғам сұранысына сай келеді. Нәтижесінде 12 басқарма қайта аталса, 5 басқарма таратылып, функциялары басқа құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Бұл басқармалардың басқарушы құрамын 12%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

9 басқарма біріктіріледі:

  • Ішкі саясат басқармасы, Жастар саясаты басқармасы, Дін істері жөніндегі басқарма Қоғамдық даму басқармасына;
  • Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Қала құрылысын бақылау басқармасына;
  • Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына;
  • Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына;

Тілдерді дамыту басқармасы таратылып, оның функциясы әкімдік аппаратында құрылатын Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығына беріледі.

2 басқарманың функциялары ішінара беріледі:

  • Қаржы басқармасы бойынша - бюджеттің орындалуын бақылау функциясы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына;
  • Туризм басқармасы бойынша - сыртқы байланыстар функциясы әкімдік аппаратында құрылатын Халықаралық ынтымақтастық қызметіне тапсырылады.

Бұған қоса, әкімдік аппаратының қадрлық қызмет базасы аясында Персоналды дамытудың бірыңғай қызметі құрылады.

12 басқарманың атауы өзгереді

  • Құрылыс басқармасы – Жайлы қалалық орта басқармасы;
  • Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы - Жасыл экономика басқармасы;
  • Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы - Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы;
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы - Қалалық мобильділік басқармасы;
  • Қаржы басқармасы - Мемлекеттік активтер басқармасы;
  • Сәулет және қала құрылысы басқармасы - Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы;
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – Стратегия және бюджет басқармасы;
  • Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы - Тұрғын үй саясаты басқармасы;
  • Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы - Туризм басқармасы;
  • Денсаулық сақтау басқармасы - Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;
  • Мәдениет және мұрағаттар басқармасы - Мәдениет басқармасы;
  • Дене шынықтыру және спорт басқармасы - Спорт басқармасы деп аталады.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.