• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы болып Жігер Қалиев тағайындалды.

Мемлекеттік қызметте едәуір тәжірибесі бар. Әр жылдары Ақтөбе облысы Экономика және индикативті жоспарлау департаментінің, Жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болған. Салық комитеті төрағасының Ақтөбе қаласы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

2007-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңесшісі, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, Ұйымдық-бақылау жұмысы департаментінің директоры болды.

2016 жылдан бері Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімдігі трансформацияланған еді. Қазіргі кезде барлық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің жұмысы қайта құрылуда, процесстерді оңтайландыру, цифрлы технология мен корпоративті басқаруды енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жүзеге асып жатыр. Алты басқарма таратылып, олардың функциялары өзге құрылымдық бөлімшелерге берілді. Осының арқасында басқару және қосалқы лауазымдар қысқарып, босаған орындар халықпен етене жұмыс істейтін басқармаларға беріліп, олардың жұмыстары күшейтілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.