• eng
  • қаз
  • рус

Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша берген тапсырмасы қалай орындалуда

Әкімнің тапсырмасына сәйкес Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды, жыл аяғына дейін Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы тағы 208 көшені жарықтандыру жоспарланған.

Бұл қаланың қараңғы көшелерінің 30% жарықтандыруға мүмкіндік береді. Алматыда барлығы 1073 көшеде жарық шамдары жоқ. Қаланың шет аймақтарындағы 744 көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, жоба 2020-2021 жылдары іске асады.

Сондай-ақ мегаполисте 217 көшені ішінара жарықтандыру шаралары қолға алынады. Келер жылы бұл көшелерді қажетті жарық шамдарымен толық қамтамасыз ету жоспарланған.

Барлық аулаларға энергия үнемдеуші жарық диодты шамдар орнатылады, бұл электр энергиясын 15%-ке үнемдейді. Сонымен қатар LED-шамдары кез келген затты анық көруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.