• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. 

Мегаполис басшысымен кездесу кезінде Бостандық ауданының тұрғыны Надежда Ерольская  «Южный» саябағының жанынан көпқабатты тұрғын кешенін салу туралы мәселе көтерді. Кездесуге қатысқан «Тurkuaz Invest»  компаниясының бас директоры Зеки Пилге  бұл жердің жеке меншіктікі екенін, сондықтан  бір үйден 100 тұрғынның қолын жинау процедурасының жүргізілгенін айтты.

Тараптарды тыңдаған  Бауыржан Байбек  саябаққа  жақын орналасқан үйлер тұрғындарының барлығының пікірін ескеру қажеттігін атап өтті. Бұрын ол саябақты жөндеу жобасына аудан тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып түзетулер енгізуді тапсырған еді.

«Сіздер қоғамдық тыңдаулар өткізіп, содан кейін ғана заңға сәйкес жақын орналасқан үйлер тұрғындарының басым көпшілігінің рұқсатын алуға тиіссіздер. «Нұр Отан» партиясының Доктринасында Заңның үстемдігі – әділетті қоғамның негізі және барлығы үшін мүмкіндіктердің бірдей болуы атап көрсетілген. 400-ден астам тұрғын әкімдікке, партияға ашық хат жазып, өздерінің  келіспейтіндіктерін білдірген еді. Сондықтан 10 күн мерзім ішінде қалалықтар өтініш білдірген «Нұр Отанның»  алаңында  қоғамдық тыңдау өткізіп, заң жүзінде шешім қабылдаған жөн», - деді  мегаполис басшысы.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов бұл мәселе бойынша Қалақұрылысы кеңесі шешімінің  кейінге шегеру жөнінде сипат алғанын, өйткені құрылысты жүргізуші  бір үй тұрғындарының ғана келісімін алып, қоғамдық тыңдауды талапқа сай өткізбегенін айтты. Бұдан өзге, 2017 жылы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі Басқарма аталған аумақтың ұзақ уақыт  пайдаланылмауы салдарынан бұл учаскеге шектеу қойған болатын.

Алматы әкімдігінің «Сайран» автовокзалы мен қалалық ипподромды тарихи ескерткіштердің алдын - ала жасалған тізіміне енгізгені белгілі болды. Бұлардан өзге, ҚІЫО «Атакенттің» басқарушы» компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жер учаскесін тегін қайтару туралы міндеттеме қабылдады. Бұрын Алматы  әкімдігі 23 гектар жерді  уақытша  жалға беру туралы  келісімнің күшін жойған еді. Дегенмен, көрме кешенінің басшылығы «Қалалар жаяу жүргіншілер үшін»  концепциясына сай аймақты  көріктендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады. 

Қала  әкімінің жеке қабылдауы кезінде Малика Ташпултованың Қазақстан халықтары Ассамблеясының соңғы сессиясында жалғыз басты және  көпбалалы аналар жұмыс  істейтін өзінің жеке наубайханасын ашқысы келетін ұсынысы қаралды. Өтінім беруші тиісті бизнес- жоспарын жасаған соң Кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы мемлекеттік қолдаудың шаралары аясында көмек көрсететін болады. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері қарай  қалада 12,3  мың жұмыссыз бен өз бетінше әрекет етуші жұмыспен қамтылды, олардың 40% -ы әйелдер. Жыл аяғына дейін тағы 32  мыңнан астам адам жұмысқа тартылады.

«Нұр Отан» алаңында Наурызбай ауданының тұрғыны Бибігүл Ходжанованың №192  жалпыбілім беретін мектептің жаяу өтпелі жолы маңынан жарықдиодты жарық көзін орнату мен «дыбысты жолақтар» жасау жөніндегі ұсынысы   дұрыс шешімін тапты.
Жалпы, соңғы жылдары 105 жаяу өтпелі жолдар  ретке келтірілді, 49 км жаңа жарық көздерінің желілері тартылды, 33,6 мың шырақ пен 5,5 мың бағана ауыстырылды. Биылғы жылы тағы 80 км жаңа желі тартылады.

Бауыржан Байбек  алматылық Алишер Мамедалиевтің рұқсатсыз көлік тұрақтарының жұмысы жөніндегі шағымын да қарады. Шағымданушы №5 қалалық клиникалық аурухананың оңтүстігіне қарай ақылы  көлік тұрағының жұмыс істейтінін, мұнда белгісіз жандардың  көлік тұрағының ақысын қолма -қол жинап алып,  фискальды  чектерді бермейтінін айтты. 

Алматы  әкімі жеке қабылдауы барысында Алатау ауданының тұрғыны Айгүл Тажиеваның үй ауласындағы дренажды жүйенің қанағаттанғысыз екендігіне  алаңдаушылық білдіретінін тыңдап, тиісті басқармаларға өтінімді кешенді қарауды тапсырды. 

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда қалада 732 аула, 185 үй, 222 лифт жөндеуден өтті. Жыл аяғына дейін  абаттандырылған аулалар санын 37%-ға  жеткізу немесе   олардың жалпы санының  ішінен 1400  ауланы жөндеу жоспарланған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.