• eng
  • қаз
  • рус

Алматы әкімі Ресей, Өзбекстан, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ресей, Өзбекстан, Франция мен Оңтүстік Кореяның бас консулдарымен екіжақты бірқатар кездесулер өткізді.

Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровпен кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Ежелден Ресей Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалалары мэриялары арасында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орныққан. Алматы мен көрші ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде. Тек соңғы жылдың өзінде көрсеткіш 12%-ға артқан.

Көрші Өзбекстанмен де экономикалық қарым-қатынаста позитивті динамика орын алуда. Өткен жылдың 9 айы ішінде бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 47,8%-ға өсіп, 281,6 млн. АҚШ долларын құраған.

Өзбекстанның бас консулы Аброр Фатхуллаев өз сөзінде келтірілген цифрлардың тараптар арасындағы сенімгерлік және серіктестік қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсететінін айтты. Сонымен қатар, Алматыдағы орталық көшелердің біріне Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың есімі берілгені үшін Қазақстан Республикасына ерекше риза екенін жеткізді. «Бұл екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинскимен және Оңтүстік Кореяның бас консулы Ким Хын Сумен жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және туристік кластерді дамытуда тәжрибе алмасу мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.