• eng
  • қаз
  • рус

Алматы әкімінің тапсырмалары қалай орындалуда

Бүгін, 2 қыркүйекте Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай аудан тұрғындарымен кездесудіңқорытындысы бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев берген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын айтып берді.

Негізінен сұрақтар тұрғын үй-коммуналдық сала, жер қатынастары, жол–көлік және инженерлік құрылым бойынша қойылды.

«Шетсіз қала» бағдарламасы аясында аудан әкіміне 17 тапсырма берілді, олардың 4-ін аудандық әкімдік (№27, 118 автобустар қатынасы бойынша – бағыттар ұзарды, су желілері тартылды, Шұғыла ықшам ауданындағы балалар алаңдары жөнделді) орындады, 4 сұрақ қаланың басқармаларымен бірге (Шұғыла ықшам ауданын газбен, энергиямен жабдықтау) шешімін тапты, 8 сұрақ бойынша қала басқармаларымен жұмыстар жүруде. Қаланың Полиция департаментімен бірге ауданда қауіпсіздік күшейтілуде.

Тұрғындармен кездесу кезінде 41 сұрақ қойылды, олар:

7 - коммуналдық проблемалар бойынша,

11 – көлік қатынасы бойынша,

5 – жер учаскесі бойынша,

9 - әлеуметтік-медициналық қызмет бойынша,

3 – спорт – мәдени объектілер бойынша.

Бүгінгі күні 4 сұрақ шешілді, 13-ін қыркүйектің соңына дейін шешу жоспарланған, қалған 24 сұрақ қала басқармаларымен бірге шешімін табатын болады.

***

Наурызбай ауданында 10 индустриалды аймақ құрылады

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай бос тұрған өндірістік базалардың орындарында бизнесті ашу алаңдары ұйымдастырылатынын хабарлады.

Қала әкімдігімен бірлесе отырып, индустриалды парктер ашуға болатын өндірістік базалар зерттелді. Ауданда осындай 10 орын бар екен. Бұларда бизнес жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады, лизинг шарты бойынша жабдықтар алынады, кәсіпкерлерге қолжетімді несиелер беріледі.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматыда ШОБ қолдау бағдарламасы іске асады. Бизнес ашу ішінде қала шетіндегілерге 2%-дық мөлшермен, ал орталықта тұратындарға 7% -бен несие бөлінеді.

«Біздің ауданымыз жаңа әрі бизнес үшін болашағы зор. Аудан өркен жаюда, сондықтан бір қадам жақын сервистік қызметтер, шаштараздар, магазиндер, емханалар және басқа объектілер қажет. Кіші индустриалды аймақтарда жаңа өндіріс орындары ашылады», - деді С. Тоғай.

Оның келтірген мәліметі бойынша биылғы жылдың 7 айы ішінде негізгі капиталдың инвестициясы 27,5 млрд теңгені құрады. Тоқыма фабрикасын салу - ірі инвестициялық жобалардың бірі. Ол биылғы жылдың соңына қарай іске қосылады. Жобаны жүзеге асыруға 750 млн теңге жұмсалды.

Жалпы, ауданда ШОБ-тің 2 мыңға жуық субъектілері тіркелген, 4,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылған.

***

Наурызбай ауданының 245 көшесіне жарық беріледі

Жұмыстың мұндай көлемі келер жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай хабарлады.

Қаланың Полиция департаментімен бірге жарықты бірінші кезекте қажет ететін барынша криминогенді учаскелер анықталды. Биылғы жылы Қалқаман елді мекенінің 23 көшесі жарықтандырылады. Келер жылы Наурызбай ауданының 245 көшесіне жарық жүргізіледі.

«Аудан құрылған кезден бастап ұзындығы 72 км болатын 49 көшеге жарық жүргізілді. Жалпы, аудан бойынша көшелердің небәрі 28 проценті ғана жарықтандырылған, әрине, бұл жеткіліксіз. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес келер жылы ауданның барлық көшелерін жарықтандыруды жоспарладық», - деді С. Тоғай.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға орай ауданда сегіз криминогенді учаске анықталды, бұларда полицияның стационарлы және мобилді пункттері жұмыс жасайды.

«Келер жылы Қалқаман ықшам ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында үй салынып, оның бір жартысына полицияның учаскелік пункті орналасады, ал екінші жартысында учаскелік полиция қызметкері отбасымен тұратын болады», - деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімі.

***

Наурызбай ауданында сумен қамту мен иесіз желілер мәселесі қалай шешілуде

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай 10 елді мекеннің ЖСҚ жасалғанын, ал төртеуінің мемсараптамасының дайын екенін айтты. Алдағы екі жыл ішінде Таужолы, Құрамыс, Жайлы ықшам аудандары сумен қамту желісіне қосылады. Ақжар елді мекені бойынша конкурстық процедуралар жасалуда.

С. Тоғай ұзақ жылдар бойына сусыз болған тұрғындардың сабыр сақтауын өтінді. Қала әкімінің тапсырмасына сай жұмыстар қолға алынған. Су және кәріз желілері тартылған соң жолдар жөнделеді.

Жалпы, аудан тұрғындарының тең жартысы немесе 70 мыңға жуық адам әсіресе, жаз айларында судың тапшылығынан зардап шегуде.

Наурызбай ауданының әкімі жыл аяғына дейін иесіз коммуналдық желілердің қала балансына өтетінін хабарлады. Қазіргі кезде 362 трансформатор қондырғыларын, 80 км кәріз желілерін, 36 су құбырлары скважиналарын коммуналдық меншікке беру мәселесі қарастырылуда.

«Су желілерін жөндеу жұмыстарына өздері қаржы жинап, тұрғындар шығынға батуда. Мысалы, трансформаторлардың 70%-ы тозған. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл аяғына дейін мәселені шешуді тапсырды, біз бұл бағытта жұмыстар жүргізудеміз. Тұрғындар қосымша шығындардан арылып, коммуналдық қызметтерді жалпықалалық тарифтер бойынша төлейтін болады», - деп атап өтті С. Тоғай.

***

Медициналық қызмет – бір қадам жақын

Бүгін Наурызбай ауданының Қарағайлы елді мекенінде заманауи фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды.

Пункт «Ақ Бастау» медициналық спорт кешенінің базасында құрылды, жалпы көлемі 150 кв. м. Енді білікті дәрігерлік көмек ықшам аудандағы тіркелген 10560 адамға көрсетіледі, олардың 3021-і диспансерлік есепте тұрғандар.

Жаңа медициналық мекемеде жалпы практика дәрігерінің, дәрі-дәрмектерді егудің, сырқатты қараудың және аурудың алдын алудың кабинеттері жұмыс жасайды. Медициналық көмекті 6 дәрігер, 15 орташа медицина қызметкері көрсетеді.

Бұдан өзге, пункт аумағында құнды тұз шахтасы бар. Мұндай медпункттерді Наурызбай ауданының өзге елді мекендерінде ашу жоспарланған.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездескен кезде тұрғындар қолжетімді медмекемелердің жоқтығын айтып, шағымданған еді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.