• eng
  • қаз
  • рус

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Марат Сембеков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, республикалық бюжеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген.

2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары болған.

2015 жылдан бері Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Марат Сембеков қала әкімінің орынбасары лауазымында кіші және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, тұрғын үй саясаты, Алматының энерготиімділігі және инфрақұрылымдық дамуы мәселелеріне басшылық жасайды.

Өз кезегінде бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Алмас Мәдиев директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Ақпарат көзі: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.