• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы клиникалары жаңа құрылғылармен жабдықталуда

Алматы клиникаларын медициналық құрылғылармен жабдықтаудың үш жылдық бағдарламасы аясында мегаполистегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығаюда.

Модернизациялау бағдарламасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Алматыдағы медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаржыға ӨЖЖ 285 аппараты, жоғары ағынды O2FLO оттегі терапиясының 250 аппараты, 1050 оттегі концентраторы сатып алынды.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 рентген аппарат, 52 УЗИ аппарат берілді.

Сондай-ақ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК, «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Модульді орталық, «Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Жедел медициналық көмек көрсетудің қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК,«Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК 6 оттегі станциясы орнатылды.

Модернизациялау аясында №4 қалалық клиникалық ауруханада жаңа мультиспиральді МСКТ — Hitachi Supria, 128 тілімді компьютерлік томограф іске қосылды. Оның артықшылығы – жүрек пен коронарлық артериялардың атеросклеротикалық өткізгіштігін бағалау үшін жедел сканер жасауға мүмкіндік береді, өйткені тиісті хаттамалар жасау үшін жедел сканерлеу қажет.

16 тілімді аппаратта бір анатомиялық денені сканерлеу 12-ден 35 секундқа дейін созылатын болса, 128 тілімді аппаратта сканерлеу 8 есе жылдам жасалады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.