• eng
  • қаз
  • рус

Алматы құтқарушылары балаларды суда жүзуге үйретуде

«Бақытты балалық шақты қорғау» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» қолдауымен Алматы қаласының ТЖД құтқарушылары ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірге «Жүзіп үйрен!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты балалар үйі тәрбиеленушілерін жүзуге үйрету және жүзу маусымында су айдындарында балалар өліміне жол бермеу болып табылады.

Бүгін «Жанұя» мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы қаласының «Оқушылар сарайы» бассейнінде болды, мұнда оларды Алматы қаласының қызметкерлері мен ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күтіп алды. Құтқарушылар балаларға қызықты оқу бағдарламасын тарту етті. Балалар кәсіпқой сүңгуіршілерден тіршілік қауіпсіздігі туралы білім алып, су айдынындағы оқыс жағдайда қалай әрекет етуге болатынын үйренді.

Сүңгуір-құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы айтып берді және іс жүзінде жүзудің негізгі техникаларын көрсетіп, суда қалай дұрыс тыныс алу керектігін үйретті.

«Дұрыс жүзе білу – суда демалудағы негізгі шарттардың бірі сондықтан, оқудың екінші кезеңі судағы оқыс жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы болды. Суда жүзу үшін біріншіден - дұрыс дем алуды және суда өзіңді ұстай білуді үйрену керек. Суда жүзуді үйренуді жалғыз бастамаңыз. Жүзуді үйрену тек жаттықтырушының, ата-ананың қадағалауымен ғана өткізілуі керек» – деді РЖҚЖ-ның құтқарушысы Максим Құрбанғалиев.

«Біз көптеген балалардың суда жүзе алмайтынын жиі кездестіреміз және тіпті суда өзін ұстаудың қарапайым ережелерін де білмейтін жағдайлар болады. Қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен жүзу ережелерін дұрыс ұстанғаныңызда, сіз судағы қатерден аулақ бола аласыз. Балалардың біздің айтқан кеңесімізді ұстанатынына және судағы қауіпсіздік талаптарын сақтаса, олардың шомылу маусымы қауіпті болмайтынына сенеміз» - деп қосты Алматы қалалық ТЖД ТЖ жою бөлімінің аға инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Дәулет Бекмұхаметов.

Аталған акция Алматы қаласының балалар үйлеріндегі балаларды барынша қамтумен жүзу маусымы басталғанша жалғаспақ.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.