• eng
  • қаз
  • рус

Алматы мен іргелес ауылдардың арасына 50 жаңа автобус қатынайтын болды

Талғардың тұрғындары енді Алматыға су жаңа үлкен автобустармен қатынайды. Шағын қоғамдық көліктерге сыймай, жол азабын әбден тартқан халықты тасымалдауға үлкен автобустар берілді. Енді 203-бағыттың көліктері түгелдей ауыстырылады.

Осылайша Алматының автопаркі тағы да су жаңа әрі ыңғайлы автобустармен толығып отыр. Тасымалдаушылар қалаға жаңа 66 қоғамдық көлік әкелген. 10 автобус Талғар мен Алматы арасында қатынаса, қалғаны жетіспейтін бағыттарға жіберіледі. Сыйымдылығы үлкен жолаушылар көлігі 14-бағытпен де жүреді.

«Қазір тұрғындар Талғарға микроавтобуспен қатынап жатыр. Жолаушылар саны күн сайын артқандықтан, олардың орнына сыйымдылығы үлкен автобус жіберуді жөн көрдік. Жаңа автобустар өте ыңғайлы. Барлығы бейнебақылау камераларымен және «Оңай» жүйесімен жабдықталған», - дейді Алматы қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.