• eng
  • қаз
  • рус

Алматы метросында пойыздардың жүру уақыты түн ортасына дейін ұзартылады

Жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен жаңа жұмыс кестесіне көшеді - сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін.

«Біздің мақсатымыз - мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылы платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың келетін уақытын көрсететін ақпараттық дисплейлер орнатылады», - деп хабарлайды «Метрополитен» КМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай ақ 24 қазанда Алматы метросына сегіз электр пойызын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.