• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полицейлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде

Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жоғары сынып оқушылары арасында есірткінің зияны туралы дәрістер өткізуде.

– Дәрістер карантиндік шаралар кезінде “Zoom” арқылы онлайн режимде өткізілді. Енді қала мектептерінің әкімшілігімен келісім бойынша біздің дәрістер оқушылармен бетпе-бет өткізіледі. Дәрістерді жедел бөлімдердің тәжірибелі офицерлері өткізеді. Негізгі міндет – балаларды түрмемен қорқыту емес, оларға есірткімен байланысты әрекеттердің барлық жағымсыз салдарларын жеткізу. Жас ұрпақ есірткінің зұлымдардың қалтасын адасқан адамдар есебінен толтыру үшін ойлап табылғанын түсінуі керек. Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздің  өсіп келе жатқан  азаматтарына дұрыс және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.