• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді

Алматы полицейлері отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильге ие болды. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында оларды көрді.

Қазіргі кезде қала полициясының автопаркі көлікпен толық қамтылған, ал бұл ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады.

Қала полициясының басшысы Серік Күдебаев өзінің сөзінде әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты. Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және төскеуделік видеорегистраторлармен қамтылған. Осының арқасында хаттамалар тек электронды түрде жасалады, ал келер жылдың бірінші тоқсанында айыппұлдар тәртіп бұзылған жерде банк картасы арқылы бірден төленеді.

Мегаполис әкімі тұрғындардық қауіпсіздігі қаламызды тұрақты дамытудың басты буыны болып табылатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде біз қауіпсіздік саласына информатизацияны кеңінен тартудамыз, яғни сыбайлас жемқорлыққа әкелетін адам факторын барынша азайту үшін жаңа технологияларды енгізудеміз. Видеобақылау камераларының саны артуда, мақсат айыппұл салуда ғана емес, көлік қозғалысын тәртіпке шақырып, ЖКО азайтуда. 3 жыл ішінде қаланың жергілікті бюджетінен полицияны жабдықтауға жеткілікті қаржы бөлінді, сондықтан біз сервистік принцип бойынша полициядан жұмыс тиімділігін арттыруды талап ете аламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Жалпы қала полициясының материалдық-техникалық жарақтануы 87%-ға дейін жетті. Соңғы үш жыл ішінде 468 бірлік қызметтік көлік алынды. Қаланың барлық аудандарында жергілікті бюджет есебінен мөлдір фронт-офистер ашылады. «102» қызметі жетілдіріледі, қазіргі кезде бұлардағы операторлар саны 2,5 есе, ал олардың жалақысы 3 есе өскен.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.