• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полициясы: Facebook-ке полицияның 102 учаскелік инспекторы тіркелген

 Алматы қаласының Полиция департаменті бұл Ішкі істер министрлігін реформалаудың, сондай-ақ «Еститін мемлекет» қағидатын жүзеге асырудың кезеңдерінің бірі екенін хабарлады.


«Бүгін қалада 102 учаскелік полиция пункттері жұмыс істейді, оларда 572 учаскелік полиция инспекторлары қызмет етеді. Олардың 102-сі аға учаскелік офицерлер болып табылады. Олар бірінші болып "Фейсбукке" тіркелді. Мақсат - азаматтармен байланыс арналарын құру және кері байланыс орнату. Бүгінгі таңда электронды ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан көптеген сигналдар аламыз. Бұл өте ыңғайлы. Қоғамдық саналылық пен белсенділіктің арқасында біз кішігірім құқық бұзушылықтарды ғана емес, сонымен қатар, қылмыстарды да жедел анықтай аламыз. Аға учаскелік инспекторлардың парақшалары туралы мәліметтерді учаскелік полиция Басқармаларының басшыларының парақшаларынан табуға болады», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.


Спикер таяу уақытта барлық учаскелік инспекторларды әлеуметтік желілерде тіркейтіндігін, олардың кіші аумақтарындағы тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болуын және олардың өтініштеріне жедел жауап беруін атап өтті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.