• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы психологтары ата-аналарға балаларына санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруді ұсынады

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында ЮНИСЕФ ұлттық тренері және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының педагог-психологы Жұлдыз Махатаева балаларға алдын алу шараларын түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Алматы қаласының мектептерінде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Психолог атап өткендей, мектеп аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар вирустың таралу жолын және инфекциядан қорғау әдістерін балаларына дұрыс түсіндіруі маңызды.

«Қазіргі уақытта карантин режимін сақтау қажет: маска тағып, қашықтықты сақтау керек. Егер біз осы тәртіпті балаларымызға үйретуден бастасақ, олар сау болады. Онда әр отбасы бақытты болады деген сөз. Сондықтан ата – аналардың балаларына дұрыс ақпарат беруі өте маңызды», — деп түйіндеді маман.

Қорғаныш маскасын пайдалану және кәдеге жарату үшін келесі ережелерді ұстанған жөн:
— масканы ауыз бен мұрынды жауып тұратындай ұқыпты тағыңыз;
— Маска мен беттің арасында саңылау қалмағаны дұрыс;
— пайдалану кезінде масканы ұстамаңыз;
— масканы тиісті техника арқылы шешіңіз (масканың алдыңғы жағына тигізбестен артқы жағынан ұстаңыз);
— масканы шешкеннен кейін немесе сіз қолданылған маскаға кездейсоқ қол тигізсеңіз, қолыңызды алкоголь бар өніммен өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз;
— маска дымқыл болғаннан кейін оны жаңасына ауыстырыңыз-таза және құрғақ;
— бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз;
— қолданғаннан кейін бірден маскаларды қоқыс контейнеріне тастаңыз, оларды алдын-ала пластикалық пакетке ораңыз.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.