• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы тұрғындары аудан әкімдеріне тікелей эфирде сұрақ қоя алады

«Алматы» телеарнасы 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап «Әкіммен ашық әңгіме» деп аталатын жаңа тележобаны жүзеге асырады. Бағдарлама әр аптаның бейсенбісінде кешкі сағат 19:30-да тікелей эфирден көрсетіледі. Хронометраж – 30 минут.

Жоба аясында Алматыдағы аудандардың әкімдері әр апта сайын кезегімен тұрғындардың сауалына жауап береді. Бағдарламаның алғашқы қонағы – Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев.

Осылайша, әр аптаның бейсенбі күндері әр ауданның басшысы тікелей эфирде халықты мазалаған мәселелерге қатысты өз жауабын айтады. 8 ауданның әкімдері әр 2 ай сайын тележобаның қонағы болмақ.

Әкімге сұрақ қоюдың бірнеше жолы бар.

Телеарнаның ресми сайтына кіріп (www.almaty.tv), «Әкіммен ашық әңгіме» айдарын таңдаңыз. Сауалыңызды осында жазып қалдырасыз. Сайт оқырмандары ең үздік сұрақтарға дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған 5 сұрақ тікелей эфир кезінде әкімге қойылады. Ал қалған сауалдар әкімдікке жолданып, 10 жұмыс күні ішінде барлығына жауап беріледі.

Сондай-ақ, сауалды WhatsApp мессенджеріне: +7 777 046 33 33 және тікелей эфир кезінде студия телефонына 8(727) 334 00 24 хабарласу арқылы да қоюға болады.

ТКШ және жол проблемалары, әлеуметтік мәселелер және тұрғындарды мазалаған өзге де сұрақтардың жауабын тікелей эфирде әкімнен сұраймыз. Сұрақ берушіге тек бір ғана талап бар: ол көтерген мәселе нақты сол әкім басқаратын ауданға қатысты болуы тиіс. Демек, 11 сәуірге дейін Алатау ауданының тұрғындары маңызды проблемаларын телеарнаға жолдай алады.

Айта кетейік, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. «Алматы» телеарнасының жаңа жобасы осы тапсырманы орындауға бағытталып отыр.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.