Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы халықпен кездесу ұйымдастырады.
5 тамызда «Ашық есік күні» аясында қала тұрғындары су және газбен жабдықтау мәселелері бойынша сұрақ қоя алады. Кездесу қала әкімдігінің ғимаратында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, 221 және 222 каб. Анықтама телефоны: +7 727 262 08 67, + 7 727 262 08 67.
Сондай-ақ 7 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін электр және жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтеді, 232 және 239 каб. Анықтама телефоны: +7 727 264 25 90, +7 727 262 15 11.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы