• қаз
  • рус

Алматы тұрғындарын пайызсыз несие алып, табиғи газға қосылу мүмкіндігін пайдалануға шақырады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мәлімдеді.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев халықтың әлеуметтік осал топтарын табиғи газға тегін қосу бойынша, сондай-ақ Халық банктен 300 мың теңгеге дейінгі сомаға пайызсыз несие алу арқылы қолдау көрсетуге бастама жасаған болатын.

Ә. Масабаев осы акция туралы еске салып, қала тұрғындарын табиғи газға қосылуға шақырды.

«Көптеген адамдарда құжаттарға қатысты проблемалар бар. Қажетті құжаттар пакетіне: жеке куәлік, жер теліміне мемлекеттік акт, үйге техникалық паспорт кіреді. Тұрғындар белсенділік танытып жатқан жоқ. Тұрғындар Халық банкіне (пайызсыз несие алу үшін) хабарласуы керек. Егер мүмкіндік болса, газды өз күшімен де жүргізуге болады», — деді ол.

Тұрғын 300 мың теңгеге дейінгі сомаға кепілсіз, пайызсыз несие алып, алынған соманы 18 ай ішінде қайтара алады. Қалада қосу бойынша орташа баға 148 мың теңгені құрайды. Оған жобалау, есептеу құралы, магистралды газ құбырынан үйге дейін жеткізу кіреді. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін тұрғындар аудандық әкімдіктерге жүгінулері қажет.

«Әр тұрғын қай қазандықты, қандай көлемде қою керектігін өзі шешеді. Газ қазандығын орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет», — деп атап өтті Ә. Масабаев.

Ол газбен жабдықтауға қосылу қажеттілігі бар тұрғындарды жыл соңына дейін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.