• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 1 ақпаннан бастап тұрғындар үшін судың тарифі 4%-ке арзандады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика минстрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов хабарлады.

Б. Самбетовтың айтуы бойынша, бұған дейін қабылданған 5 жылдық жоспарда станцияларда өндірілетін электр қуаты және оларды тасымалдауға кететін шығын көлемі өзгермеген жағдайда сумен қамту және су бұру тарифі 2024 жылға дейін өзгермейтіні көрсетілген.

«Алматы Су» МКК өткен жылы 2020–2024 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейін бекітуге өтініш жасады.

«Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, жүктемені бюджеттік ұйымдарға және заңды тұлғаларға қайта бөлу жолымен департамент 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап сумен қамту тарифін 4%-ке арзандатты», — деп түсіндірді Ұлттық экономика минстрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов.

Одан бөлек, Б. Самбетов Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Алматыда сумен қамту және су бұру тарифі ең төмен екенін атап өтті.

«Алматы су тарифінің төмендігі бойынша 6 орында, кәріз жүйесі бойынша – 3 орында тұр. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаға қатысты шығындарды қайта қарау және төмендету негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап су және кәріз тарифі 10%-ке арзандатылған», — деп атап өтті Болат Самбетов.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.