• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда 1 маусымда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары басталады

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – адами капиталды дамыту мақсатында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі Алматы халқының цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарлап отыр.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. «Базалық цифрлық дағдылар». Дербес компьютер мен ноутбук, мобильді құрылғылар, Интернет желісін сенімді пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері.
  2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер». Электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдылары, соның ішінде үйден шықпай-ақ «онлайн» түрде қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алу.
  3. «Ашық үкімет». Ашық үкімет порталының төрт компонентін (ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және ашық бюджет) пайдалану дағдылары.
  4. «Электрондық сауда». Тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және ілгерілету дағдылары.

Оқыту  курстары 1 немесе 4 дағды бойынша өз құзыретін көтергісі келетіндерге тегін жүргізіледі. Курстар мектептер мен колледждер базасында 2019 жылдың 1 маусымында басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Сабақты білікті жаттықтырушылар өткізеді, олар мамыр айында «Зерде холдингі» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «ҰАТ» АҚ мамандарынан білім алады.

Алматы қаласы бойынша халықты оқытудың жоспар-кестесі әзірленді, ол 8 әкімшілік ауданға, 225 оқу нысанына бөлінген, курс өтетін мекенжай, күні, уақыты көрсетілген.

Толық ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауында 1308 немесе 338 33 88 нөмірлері бойынша білуге болады.

Алматы қаласы бойынша халықты оқытудың жоспар-кестесі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.