• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 10-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына шаңғы тебу тегін үйретіледі

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 10-12 жас аралығындағы (5-7 сынып) мектеп оқушыларына, барлығы 800 қатысушыға шаңғы тебуді ТЕГІН үйрету сабақтарына қабылдау жүріп жатыр. Осы жастағы кез келген мектеп оқушысының «Шымбұлақ» ТШК Шаңғы және сноуборд мектебінің кәсіби мамандарынан ТЕГІН 4 сабақ алуға керемет мүмкіндігі бар.

Жұмыс күндері барлығы 3 200 сабақ өтеді, екі ауысымда 1 сағаттан:

1-ауысым – сағат 08:00-ден бастап

2-ауысым – сағат 14:00-ден бастап


Әрбір қатысушы үшін «Шымбұлақ» ТШК және қала орталығына дейінгі ТРАНСФЕР, шаңғы тебуге арналған КИІМ-КЕШЕК және әр бала үшін САҚТАНДЫРУ ТЕГІН!!!

Аталған шараға қатысу үшін ата-аналар төменде көрсетілген құжаттар тізімін мына электронды мекен-жайға жіберуі тиіс shymbulak@inbox.ru:

Аты-жөні;

Мектеп нөмірі;

Ата-анасының жазбаша рұқсаты;

Сканерден өткізілген туу туралы куәлік көшірмесі;

Мекенжай анықтамасы;

Ата-анасының сканерден өткізілген жеке куәлік көшірмесі;

Ата-анасының телефон нөмірі.


Жиналатын орын – Байтұрсынов көшесі бойында, Сәтбаев көшесінен төмен (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына қарама-қарсы).

Әрбір ата-ана балаларын жиналатын орынға белгіленген кесте бойынша алып келуі және алып кетуі тиіс:

1-ауысым сағат 08:00 ге дейін;

2-ауысым сағат 14:00 ге дейін.


Балаларыңызды жылы киіндіруді ұмытпаңыздар!

Тіркелу жөнінде толық ақпаратты мына телефон нөмірлері бойынша алуға болады:
+ 7 702 079 60 61
+7 707 343 96 77

Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09:00-дан 21:00-ге дейін қабылданады.
Тіркелу 2018 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.