• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 12 шілде мен 31 тамыз аралығында Абай даңғылы бойында қозғалыс шектеледі

«Алматы қаласы метрополитені бірінші желісінің екінші кезегін «Мәскеу» бекетінен «Достық» бекетіне дейін ұзарту» жобасы бойынша Б. Момышұлы көшесі мен Абай даңғылы қиылысында метрополитен нысандарының құрылысы басталады.

Осыған байланысты 12 шілде мен 31 тамыз аралығында Абай даңғылы бойында Б. Момышұлы көшесінен шығысқа қарай қозғалыс шектеледі.

Б. Момышұлы көшесі бойымен қозғалыс Абай даңғылына бұрылыссыз екі бағытта жүзеге асырылады. Қоғамдық көлік үшін Абай даңғылына бұрылыс жасалады.

«Метрополитен» КМК өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарынан жолда көлік кептелісін болдырмас үшін жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Ақпарат көзі: «Метрополитен» КМК

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.