• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 120 мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс жасап тұр

Алматы полициясы қаладағы бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін жария етті.

Жедел жағдайды қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу және ашу үшін Алматыда 119 794 бейнебақылау камерасы пайдаланылады, оның ішінде:

  • ПД Жедел басқару орталығында (ЖБО) 156 баламалы камераны қамтитын бейнебақылау жүйесі қолданылады, ондағы бейне ЖБО жедел басқару залына шығарылады;
  • Қаланың әр түрлі нысандарында 1 мың 791 бейнекамера орнатылған;
  • Универсиада-2017 нысандарында 1 мың 173 бейнекамера орнатылды;
  • «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматты ақпараттық жүйесі бойынша 105 бекет іске қосылды, оған 694 бейнекамера кіреді, оның ішінде 415 тану камерасы және 279 шолу камерасы.
  • Метрополитенде бейнені полиция бөлмесіне шығарумен 348 бейнебақылау камерасы орнатылған.
  • Білім нысандарында 3 мың 449 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның ішінде 204 мектепте – 2 мың 144, 21 мемлекеттік колледжде – 632, 49 жекеменшік колледжде – 673.
  • Перзентханаларда 143 бейнекамера орнатылған.
  • «Қауіпсіз аула» принципі бойынша көппәтерлі үйлердің 7 мың 490 ауласында 45 мың 994 бейнекамера орнатылды, 13 мың 086 жеке аула 30 мың 154 бейнекамерамен күзетіледі, оның ішінде 8 мың 646 бейнебақылау камерасы жеке сектордағы 2 мың 853 көше қиылысында орнатылған.
  • Қалада түрлі меншік нысанындағы 6 мың 682 объектіде 35 мың 892 бейнекамера орнатылды.

Бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2018 жылы 1 мың 543 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. ПД Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен 15 мың 603 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 14 мың 043 жол жүрісі ережесін бұзу.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.