• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 13-14 қаңтарда қар тазалау туралы ақпарат

13 қаңтарда Алматыда сағат 15:20 қар жауа бастады. Қазгидрометтің болжамы бойынша, қар 14 қаңтардың екінші жартысына дейін жауады.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғаннан бастап жол, көше қиылыстары, жолайрықтарына тайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

Сонымен қатар тротуарларды, жаяу жүргінші аймақтарын, аялдамаларды, тұрақ қалташаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 4:00-ден қар тазалау үшін жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен колонналар ұйымдастырылды.

Сағат 8:00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 4 150 тонна материал пайдаланылды.

Қалада 5-6 см қар түсті.

Қар тазалауға 596 техника мен 1 566 жұмысшы шықты.

Таңғы қарбалас уақыт өткеннен кейін негізгі көшелердегі, сондай-ақ таулы аудандардағы қарды шығару жоспарлануда.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.