• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 170 шақырым троллейбус желілері жаңартылуда

Алматыда 170 шақырым троллейбус желілері жаңартылып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті.

Алматы қаласында қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында басқарма қоғамдық көліктердің бағыттық желісін оңтайландыру тұжырымдамасын әзірлеуді бастады.

«Биыл «АлматыЭлектроТранс» ЖШС автобус паркіне жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 150 жаңа автобус сатып алуда», - деп хабарлады Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Троллейбустарға келер болсақ, ұзындығы 172 шақырым болатын троллейбус желілерін жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстар 2021 жылдың соңында аяқталады.

Желіні жөндеу жұмыстары троллейбустардың қозғалысына әсер етпейді.

Қазір Алматыда 195 троллейбус бар.

Ақпарат көзі: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.